Вакцина салдырмағандар сауда орталықтарына мүлде кіргізілмеуі мүмкін

/image/2021/11/04/crop-55_9_539x719_68b3808569fb1001d25c8a3977e6f13a.png

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева "көк" мәртебесі бар қазақстандықтар сауда орталықтарына жұмыс күндері де кіре алмауы мүмкін екенін  мәлімдеді.

– Бүгінгі күні бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларды ғана нысандарға кіргізу көзделіп отыр. Жақында ВАК отырысында бұл тәжірибені жұмыс күндері де сауда-ойын сауық орталығының жұмыс тәртібіне енгізу ұсынылды. Яғни, бүгінгі таңда сауда ойын-сауық орталықтарына тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғалар ғана бара алуы үшін аталған мәселе талқылануда, – деді Салтанат Лесбаева брифинг барысында.

Оның айтуынша. "Атамекен" ҰКП мәселені талқылауға белсенді қатысады. 

– СОО-да көптеген кәсіпкерлер жұмыс істейді. Бұл объектілерде айналымы, табысы төмендеуі мүмкін басқа да қызмет түрлері орналасқан. Сондықтан бұл мәселе қазір белсенді талқыланып жатыр және пысықталуда, – деп нақтылады ол.

Лесбаева жақында "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың төрағалығымен мүдделі бизнес субъектілерін тарта отырып, осы ұсынысты талқылау бойынша жұмыс кеңесі өткенін атап өтті.

– Енді барлық шығындарды есептеу керек, олар өз жұмыстарын қалай ұйымдастырады, бұл келушілер трафигінің төмендеуіне әсер ете ме, жоқ па. Осы мәселелердің барлығын талқылау қажет, содан кейін Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестермен бірге бұл мәселе пысықталатын болады, – деді Лесбаева.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, сенбі-жексенбі күндері сауда орталықтарына “жасыл" мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады. "Жасыл" мәртебе вакцина салдырғандарға беріледі. "Көк" мәртебе коронавируспен ауырмағандарға тиесілі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар