• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:12:29
Алматы
+8°

Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қазіргі таңда зардап шеккен кеншілердің денсаулығы жақсырып келеді. Бұл туралы Қарағанды облыстық Мақажанов атындағы медицина орталығының басшысы Ерік Шонбаев хабарлады.

– 7 қарашада Мақажанов атындағы емханаға метан және көмірқышқыл газынан уланған 1960 және 1963 жылы туған екі науқас жеткізілді. Олар алғашқы көмек алу үшін жансақтау бөліміне түсті. Науқастар бүгін өздерін жақсы сезінгендіктен, палатаға ауысты, – деді Мақажанов атындағы ОМС жағдай орталығының басшысы Ерік Шонбаев. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Абай" шахтасындағы үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, төтенше жағдайдың ықтималды себебін атады.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, төтенше жағдай метанның жарылуынан болған. Қазір процедуралар жүріп жатыр. Жарылыс салдарынан қызметкерлер қаза тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес нақты шешім қабылданады. Қазіргі уақытта адам өлімі мен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, − деді Ерлан Тұрғымбаев.

7 қараша сағат 08.30-да Абай шахтасында жарылыс болған. Бұл кезде жер астында 64 адам жұмыс істеп жатқан. Жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Абац шахтасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір