Шымкенттегі Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды

/image/2021/11/08/crop-104_2_569x1012_whatsapp-image-2021-11-08-at-16.00.43.jpeg

Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп, біраз бөлігі аяқталды. Соның бірі – орталық көше саналатын Б.Момышұлы көшесі.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталған. Қаланың маңызды бөлігі саналатын бұл жолдың құрылыс жұмыстарын «Омар-Транс» ЖШС-ы атқарды. Техникалық қадағалаушы «Глобус Инжиниринг» ЖШС-ы болып бекітілді.

Б.Момышұлы көшесінің жалпы ұзындығы екі жолақты 2,1 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4 см болса, асфальт бетонның беткі қабаты 5 см болады. Бүгінде құрылыс жұмыстары 100 пайызға біткен. Қазіргі уақытта басқарма тарапынан жол белгілерін сызу жұмыстары да толық аяқталды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар