Қазгидромет 18-20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
18-19 қарашада Атлантикалық циклон және атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар) болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады деп күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ солтүстік өңірлерде бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.
20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклоны әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды, алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклон ықпалымен қайтадан жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
"Ауа температурасының ауытқуы Қазақстанның батысында түнде 0-5 градустан, күндіз 5-10 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта түнде 5-15-тен күндіз 15-25 градусқа дейін аязға болады. Оңтүстік өңірлерде түнде 5-13 градустан, күндіз 8-16 градусқа дейін, шығыста түнде 2-10 градустан, күндіз 15-25 градусқа дейін аяз болады" делінген хабарламда.
Пікір қалдыру