10 Қараша, 2021 Түркістан облысы
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай ауданында жалпы 453 көпқабатты тұрғын бар. Аудан әкімдігі өкілдері жыл басынан бері тұрғындармен 500-ден аса жиын ұйымдастырып, жаңа басқару жүйесі жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізген. Абай ауданында жалпы 453 көпқабатты тұрғын бар.
Аудан әкімдігі өкілдері жыл басынан бері тұрғындармен 500-ден аса жиын ұйымдастырып, жаңа басқару жүйесі жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізген. Атқарылған басқосулар өз нәтижесін берді. Бүгінде 297 көпқабатты үйде жай серіктестік және 58 үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді.
Мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестікті басқаруда көпқабатты тұрғын үйді жақсарту, таза ұстау, жөндеу және тағы басқа жұмыстардың қалай орындалып жатқаны анық көрінеді.«Бір үй –бір бірлестік – бір есепшот» қағидасы арқылы тұрғындар өз үйін өзі күтіп ұстауға ақша жинап, жиналған ақшаны қайда және қалай жұмсауды басқару мүмкіндігі бар.
МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) құрылғанда екі есепшот ашылады. Олар ағымдағы және жинақ шоты. Ағымдағы шот есебінен күнделікті тазалау, жинау, жуу қызметінің ақысын төлеп отыруға жұмсалады.Ал жинақ шотына ұзақмерзімді уақытқа ақша жинап, тұрғын үйді жөндеу, шатырын ауыстыру сияқты жұмыстарды істейді. Жинақ шотына түскен қаражат есебінен көппәтерлі үйлерде күрделі жөндеу жұмысын да атқаруға болады.
Қала тұрғындарынан көпқабатты үйлерді басқарудың жаңа жүйесін қолдауға шақырамыз. Жаңа жүйе аулаларды абаттандыруға, күрделі жөндеу жүргізуге қатысты мәселелерді уақыт өткізбей, түбегейлі жойып, жауапкершілікті арттырады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір