• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 17:20:03
Алматы
+8°
Қазақстанда тұрғынүй жалдау ақысы 10 жылда екі есеге қымбаттаған, деп хабарлады LS сайты.
 
2021 жылғы 1 қарашада ел бойынша 1 шаршы метрдің орташа құны 1,9 мың теңге болған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,9 пайызға жоғары.
 
2012 жылмен салыстырғанда пәтерақы құны 1,9 есеге өскен.
 
Биыл пәтерақы бағасы бәрінен де Оралда қатты қымбаттаған. Өсім – 36,1 пайыз. Алматыда 35%, Шымкентте – 33,7%-ға өскен.
 
Ең қымбат аренда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында. Ол жақта шаршы метр 3 мың теңгеден асып кеткен. Бұл есепке сәйкес, 30 шаршы метрлік пәтердің жалдау ақысы кемі 90 мың теңге құрайды.
 
Сарапшылар Қазақстанда пәтерақы құны енді түспейтінін айтады. Биылғы өсім 2020 жылы пандемия кезінде нарық босап қалып, пәтер иелері жоғалтқан табысының орнын толтыруға тырысуымен түсіндіріледі. Сарапшылар баға 2022 жылғы жазда тұрақталады деп болжап отыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір