• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:13:42
Алматы
+8°

Өткен тәулікте ПТР тест арқылы 1047 адамнан коронавирус, 101 адамнан пневмония анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

19 қарашадағы дерек бойынша 14 адам коронавирустан, 7 адам пневмониядан көз жұмған.

Елде ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың ресми саны 963 828-ге жетті. Оның ішінде 12 551 адам індеттен көз жұмған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері 81 855 адам пневмонияға шалдыққан. Оның 5119-ы қайтыс болған.

21 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 408 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 410 пациент стационарда, 23 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 486 адамның жағдайы ауыр, 124 пациенттің жағдайы өте ауыр, 89 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай, 2021 жылғы 21 қарашадағы жағдай бойынша Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары – "Сары" аймақта. Алматы, Атырау,  Шымкент қалалары, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "Жасыл" аймақта.

20 қарашадағы мәлімет бойынша елде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 631 201 адам, II компонентін 7 939 634 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір