• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 06:49:13
Алматы
+8°

Бүгін мәжілісте төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматыда алапат жер сілкінісі болу қаупі барын ескертті.

– Алматыда ірі ауқымдағы жер сілкінісі қаупі бар. Оның салдарынан тұрғындардың көбісіне қатер төнуі мүмкін. Бұл ретте өміріне қауіп төнетіндер мен жарақат алатындардың санына қатысты сарапшылар әртүрлі мәліметтерді айтып отыр. Себебі бағалау жүргізудің түрлі әдістері бар, – деді Юрий Ильин.

Министрдің айтуынша, бүгінде Алматыдағы барлық нысан паспортизациядан өткен.

Жаңа сейсмикалық карталар әзірленіп, тиісті органдарға берілген.

Алматы әкімнің орынбасары Серік Құсайынов министрдің сөздерін растады. Паспортизацияның нәтижесінде апаттық жағдайда тұрған үйлерді ысыру бағдарламасына өзгеріс енгізілген. Алматыда мұндай 948 ғимаратты бұзу қажет.

– Зерттеуге сәйкес, Алматыда 7-8 балдық қатты жер сілкінісі болса, барлық ғимараттың 30 пайызы қирап қалуы мүмкін. 370-385 мың адам опат болуы ықтимал. Ал 10 балдық жер сілкінісі бола қалса, қалаға 2 триллион 479 миллиард теңгенің шығыны келеді, – деді Серік Құсайынов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жер сілкінісі Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір