• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 18:22:01
+8°

Фото: Журналист Қасым Аманжолдың Facebook парақшасынан

Маңғыстау облысындағы халық наразылығын қолдау мақсатында Алматы көшелеріне шыққан азаматтар жаппай қамалып жатыр. Қамалғандар арасында наразылық орындарынан хабар таратуға барған журналистер де бар.

Алматы-Арена спорт кешені маңына жиналған он шақты адамды полиция сүйреп алып кеткен. Кешен маңында интернет бұғатталған, ұялы байланыс бірде бар, бірде жоқ. Ұсталғандар қатарында Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай да бары хабарланды.

Алматының Орбита ықшамауданында Oyan Qazaqstan қозғалысының бірнеше өкілін полиция соққыға жығып, ұстап әкеткен.

Сондай-ай оқиға орнынан хабар таратуға барған журналист Мият Кәшібай мен  Orda.kz сайтының тілшісі Бек Байтасты полиция құжатының барынан қарамастан ұстап, көлікпен полиция бөліміне апара жатыр.

Мият Кәшібай Facebook парақшасында өзін Алматы-Арена алдындағы наразылық кезінде ұстағанын, 20 шақты адаммен бірге автозакпен алып бара жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта қос журналист те телефонына жауап бермейді.

Бұған дейін Азаттық радиосының журналисі Қасым Аманжол кәсіби міндетін атқарып жүргенінде ұсталып, кейін босатылған.

Бұдан бөлек Orda.kz, Kaztag.kz сайттары бұғатталған. Сайт өкілдері бұғаттауда митингтерден хабар таратуымен байланыстырады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жаңаөзен митинг газ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір