27 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрінің орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда сайты.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды" делінген жарлықта.
Әлімбаевтың орнына Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін Роман Василенко Қазақстанның Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір