Қазақстанда зейнеткерлердің қарызын кешіру ұсынылды

/uploads/thumbnail/20250306121435641_big.webp

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев зейнетақы төлемдерін кіріс көзі ретінде санамай, зейнеткерлердің қарызын кешіруі ұсынып отыр. 

Депутат Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың атына депутаттық сауал жолдады.

"Банктерге барсаңыз, бар-жоғы 32 мың теңге зейнетақысы банк картасына түспей жатып жоқ болып кеткен, зар илеген зейнеткерлерді көресіздер. Жағдайды зерттесек, зейнетақы "кіріс көзі" болып саналады және зейнетақы әлеуметтік қорғалған есепшот санатына жатқызылмаған. Әлеуметтік қорғалған есепшоттарды  ашу тек "Каспи банк", "Халық банкі" және "Центр кредит" банктеріне бекітілген. Бұл банктердің филиалдары тұрмақ, банкоматтары жоқ жер көп. Барлық жерде банкоматтары болмаса да, бөлімшелері бар "Қазпошта"  әлеуметтік қорғалған есепшоттарды ашуға болатын тізімге  енбеген. Бұл қасақана жасалған әрекет емес пе?", – деді ол.

Қайрат Балабиевтің айтуынша, елдегі микроқаржы ұйымдары айлықтан-айлыққа деп аз ақша беріп алдап, айналдырған 30 мың теңгені төлей алмаса да, оған он еселеп өсім қосып, қарызға батырып жатыр. 

"Ешбір табыс көзі жоқ азаматтарға уақытша көмек болғанымен, оңайлықпен құтылмайтын қарызға айналып кететінін көпшілік біле бермейді. Бірақ, бұл біздің бұқараның тоқтығын көрсетпейді", – деді депутат.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар