• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 08:14:47
Алматы
+8°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бітімгершілік контингентінің қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезеңіне қатысуына қатысты түсінік берді.

– ҰҚШҰ-ға өтініш білдіргенде, мен бөтен адамдарға емес өзіме және одақтастарыма жүгіндім. (...) Қазақстанға келген ҰҚШҰ бітімгершілік контингенті бірде-бір оқ атқан жоқ. Басынан бастап бұл контингент қауіпсіздікті қамтамасыз ету, яғни стратегиялық нысандарды қорғау функцияларын орындайды деген уағдаластыққа қол жеткізілді. Қалған сұрақтарды біз өзіміз шешеміз. Бізге тыл керек еді. Бітімгершілік контингентінің Қазақстанға келуі туралы хабардың өзі бандиттер үшін өте маңызды психологиялық, қорқынышты рөл атқарғанын жақсы түсіну керек. Бұл күш екені түсінікті. Айтпақшы, бұл –Ресейден басқа Беларусь, Тәжікстан, Армения және Қырғызстанның әскери бөлімдері біріккен контингент, – деп түсіндірді Тоқаев.

Сұхбат барысында ол "Қазақстан енді Ресейге қарыз" деген пікірге  түсінік берді.

– Мен Владимир Владимирович Путинмен көп сөйлессем де мұндай ешқандай әңгіме болмады деп жауапкершілікпен айтамын, біз кейінірек есептесеміз деген де, әрине, болмады. Кремльдің алдын ала шарттары да болған жоқ. Ақыр соңында Ресей Қазақстан үшін одақтас мемлекет, – деді Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қасым-Жомарт Тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір