03 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы қайта құрылады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.
"Мемлекет басшысының 11 қаңтарда парламент мәжілісінің жалпы отырысында және 27 қаңтарда қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның қызметін қайта реформалау жұмыстарын бастады" делінген хабарламада.
Ведомствода ҰҚК органдарының, оның ішінде шекара қызметі мен "А" арнайы мақсаттағы қызметінің құрылымын, міндеттері мен функцияларын бағалау және оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобын құру туралы айтылды.
"Терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметін қайта құру және нығайту мәселелері атап өтілді. Жеке құрамның жауынгерлік дайындығын күшейту бойынша шаралар әзірленді" делінген ведомства хабарламасында.
Сонымен қатар, терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың ТҚО режимі жағдайындағы бірлескен іс-қимылдарына талдау жүргізуде.
"Бұл жұмыстың нәтижесінде ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылын ұйымдастырудың құрылымы мен тәсілдері қайта ұйымдастырылады" деп атап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдегі қауіпті қатерді анықтай алмағанын айтқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір