Қазақстанның Украинадағы елшілігі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дер кезінде көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке тұруыға шақырды.
"Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтында орналастырылған тіркеу картасын толтырып, төлқұжатыңыздың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электрондық поштасына жіберу арқылы Елшілікте жеке қатысусыз консулдық тіркеуге тұруға болады" делінген ақпараттық хабарламада.
Елшілік мәліметінше, өзекті ақпаратты Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің веб-сайтынан, әлеуметтік желілерінен және жедел мессенджерлерінен бақылауға болады:
Бүгінде Украина мен Ресей арасы ширығып тұр. Батыс пен Украина Ресей кез келген уақытта ресми Киевке басып кіруі мүмкін деп қауіптенеді. Қазіргі уақытта Ресей Украинамен шекарасына 100 мыңға жуық әскер орналастырған. Алайда ресми Мәскеу Киевке шабуылдамайтынын айтады. Сарапшылар екі славян мемлекеті арасындағы шиеленісті әртүрлі бағалайды. Бірі Ресей батыс пен Украинаға доқ көрсетіп отыр десе, бірі шынайы соғыс қаупі бар деген пікірде. Мамандар Ресейдің әрекетін Киевтің Мәскеу ықпалынан шығып, батысқа жақындауға тырысуына деген теріс көзқараспен байланыстырады. Ресей әлденеше рет НАТО-ға Украинаны қабылдамауға, Шығыс Еуропадағы ықпалын азайтуға шақырған.
Пікір қалдыру