• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:20:02
+8°

Air Astana Украинадағы қазақстандықтарды 26 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 02:00-де елге алып келеді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Air Astana Украинадағы қазақстандықтарды Польшадағы Катовице қаласынан Атырауға арнайы рейспен алып шығуды жоспарлап отыр. Рейс Катовицеден 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 2.00-де ұшады. Жолаушылар рейске Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі берген тізімдер бойынша тіркеледі. Қазақстандықтар 25 ақпан күні Замкнен көшесі 3/1 мекенжайы бойынша Львовтағы Қазақстанның Құрметті консулдығына әрі қарай рейске трансфер жасау үшін жиналуы керек" делінген хабарламада.

Байланыс телефон нөмірлері: +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Бұған дейін 25-26 ақпанда Украинадағы қазақстандықтар үшін репатриациялық рейс жоспарланғаны хабарланған.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір