"Адам шығыны артқан". Зеленский үндеу жасады

/image/2022/02/25/crop-9_5_340x609_97be34c9-5412-4609-b5b7-c7595d690c30.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үндеу жолдады. 

Зеленский сөзінше, бүгінге дейін қақтығыстарда 316 адам жараланып, 137 украиналық қаза тапқан. Оның ішінде бейбіт тұрғындар да бар. 

Украина президенті өзін қазір Ресейдің "бірінші нысанасы" деп санайды. Ол Киевтен кетпейтінін мәлімдеді. 

Сондай-ақ ол бүгін таңғы сағат 4-те (жергілікті) Ресей Киевке бірнеше зымырандық соққы жасағанын растап, соққы әскери және азаматтық аймақтарды нысанаға алғанын айтты.

Ол Батысты Ресейге экономикалық санкциялар салумен шектеліп қалмай, көп нәрсе істеуге шақырғанын атап өтті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар