• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:27:41
Алматы
+8°

Көрнекі сурет/Фото: Максим Морозов

Қазақстанда 30 наурыздағы санақ бойынша 101 мыңнан астам ресейлік бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлады LS сайты.

– Бүгінгі таңда Қазақстанда 101 мыңнан астам ресейлік бар. Оның ішінде 6 350 ресейлік жыл басынан бері жұмыс істеуге келді, – деді вице-министр.

Біржанов өткен жылы Қазақстанға жұмыс бойынша 18,8 мың РФ азаматы келгенін атап өтті. Оның пікірінше, көршілес елден халықтың үлкен ағыны әлі байқалмайды.

– Сондай-ақ, жағымды жақтары да бар. Жоғары білікті мамандар, ірі IT-компаниялар келеді. Мәселен сол InDriver компаниясы Қазақстанда өз өкілдігін ашады. Егер бұрын көп ақша төленiп семинарлар ұйымдастырылса, қазір компаниялар өздері келіп, қазақстандықтардың біліктілігін арттыру жеделдейді. Компанияларды ашқан кезде жұмыс орындары пайда болады. Біз кез келген жағдайда қанша адам келгенін, қандай мақсатта, не істеп жатқанын, мерзімдерді орындап жатқанын бақылауда ұстаймыз, – деді Біржанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір