• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:42:44
Алматы
+35°

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметі мәлім етті.

Антикор хабарламасында, бұған дейін журналист Михаил Козачков жазғандай тергеу "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесіне қатысты жүріп жатқаны айтылады.

"Көрмені өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды. Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады" делінген хабарламада.

Антикор күдікке алынған тұлғалардың аты-жөнін жариялаған жоқ. Бірақ Михаил Козачков тергеу Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жүріп жатқанын жазған. Сондай-ақ бүгінгі Арыстанбек Мұхамедиұлының президентке үндеу жолдауы оның құзырлы орган назарына ілінгенін білдірді. Ол өзіне қатысты тексеріс негізсіз жүріп жатқанын мәлімдеп, президенттен тексерісті тоқтатуға ықпал етуді сұраған. Ол қай салада жұмыс жасаса да әуелі ұлт мүддесі үшін тер төккенін, мемлекет бюджетіне қол салғандарға аяусыз тосқауыл жасағанынан өзіне жау тауып алғанын, солар аяқтан шалуға тырысып жатқанын айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір