Тоқаев: Қаңтар оқиғасы кезінде елден кетуге ұсыныс жасағандар болды

/image/2022/06/15/crop-48_26_495x880_081257530800.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Россия 24" телеарнасына сұхбат берді. Оның сұхбаты бүгінгі шығарылымда көрсетілетін болады. 

Сұхбат барысында Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы сөз қозғады. Ол қаңтар оқиғасы кезінде шетелге кетуге ұсыныс жасағандар болғанын айтты. 

"Барлық төңкерістің соңы биліктің басқа адамның қолына өтуімен аяқталатыны белгілі. Ал маған келетін болсақ, сол күндері осында – призедент резиденциясында болдым, ешқайда шыққан жоқпын. Әлбетте, осы жерде түнеп жүрдім. Кейбір адамдар тікұшақпен елден кетіп қалуды ұсынған болатын. Әрине, менің ондай жоспарым болмаған. Соңына дейін елде қалуға міндетті екенімді сезіндім" деді Тоқаев сұхбатында. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар