• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:59:44
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен жаңа мешіттің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан, деп жазады tengrinews.kz. сайты.

"Бүгін қасиетті жұмада елордамызда керемет мешітті ашып жатырмыз. Бұл барша мұсылман тұрғындарымыз үшін маңызды оқиға.Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің барлық аймағында мешіттер ашылып жатыр. Алла Тағала осы мешіттерде оқылған дұғаларды қабыл етсін. 2019 жылдың наурызында мемлекет басшысы ретіндегі өкілетімді тоқтатпас бұрын осы мешіттің алғашқы кірпішін қалаған болатынмын... Тәуелсіз мемлекетіміздің көркейе беруін тілейміз. Бұл мұсылмандық парыз, Отан алдындағы перзенттік парыз еді. Жаңа тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы еңбегімді Алла жарылқады деп ойлаймын", – деді Назарбаев.

Мешіттің ашылу салтанатына премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов, экс-депутат Қуаныш Сұлтанов, BI-Group холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев және басқа да танымал тұлғалар қатысты.

Мешіттің жалпы сыйымдылығы 235 000 адамды құрайды. Ашық алаңда шамамен 200 мың адам, яғни: подиум мен сахан аймағында 30 мың адам, мешіт ауласында 170 мың адам бір мезетте құлшылық жасауға мүмкіндік бар. Мешіт ішінде 35 мың адам, ерлерге арналған орында 30 мың адам; әйелдерге арналған орында 5 мың адам намаз оқи алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір