21 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: Ақорда сайты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдап, кезектен тыс президент сайлауы өтетін күнді мәлім етті.
Президент биылғы жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылына айналды деп санайтынын жеткізіп жүзеге асырылған өзгерістерді санамалап өтеді. Олардың қатарында мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталатыны, депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланатыны, конституциялық сот құрылғаны, кейбір құзыреттер президенттен парламентке берілгені сияқты билікшіл сарапшылар саяси реформаға балайтын, тәуелсіз сарапшылар саяси реформа имитациясы деп атайтын өзгерістер бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір