Польша премьер-министрі: Ресейге Украинаның бір бөлігін басып алуға жол бермейміз

/image/2022/09/21/crop-24_3_321x571_756371956862594.jpg
Польшаның премьер-министрі Матеуш Моравецкий елі украинаны қолдауын жалғастыра беретінін мәлім етті, деп жазады Reuters агенттігі.

"Біз одастарымызбен бірге НАТО Украинаны көбірек қолдай түсуі үшін, Украина өзін қорғай алуы үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз. Ішінара мобилизация туралы хабар расталды. Ресей Украинаны жойып жібергісі келеді, қазір аумағының бір бөлігін басып алмақ. Біз бұған жол бермеуіміз керек" деді ол.

Моравецкий қазіргі уақытта Польша, АҚШ, Ұлыбритания бірлескен жаттығуы өтіп жатқа елдің шығысында жүр.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизациялау туралы қаулыға қол қойған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар