Ішінара мобилизациядан кейін Ресей-Қазақстан бағытындағы ұшақтарда билет тапшы, баға аспандап тұр

/image/2022/09/21/crop-58_14_620x1103_756243640049900.jpg
 
Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға жақын күндері жүзеге асырылатын рейстерге билет жоқ, әуебилет бағасы шарықтап кетті, деп жазады informburo.kz сайты.
 
Басылым әуебилеттерін іздеуге арналған арнайы сайттарда 21 қыркүйекте ұшатын ұшақтарда орын жоқтығын, 22,23 қыркүйек күндеріне аз билет қалғанын, оның өзі қымбат екенін жазады.
 
Билет бағасы сағат сайын қымбаттап, қазіргі уақытта 210 мың мен 1 млн 200 мың теңге аралығында сатылып жатыр.
 
Ең қымбат билеттер Emirates Airline және FlyDubai компанияларында. Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі компаниялары Қазақстанға Дубай арқылы 8 млн 960 мың теңге әкелетіні хабарланған.
 
Ресейлік The Village сайтының мәліметінше, Ресейде Қазақстаннан бөлек Грузия, Армения, Түркия бағыттарындағы билеттер де қымбаттаған. Тіпті Тблисиге ұшақтар әдеттегіден 3-5 есеге қымбатқа ұшып жатқаны хабарланды.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар