Ресейдегі "Көктем" қозғалысы ішінара мобилизацияға қарсы бүкілресейлік наразылық өткізетінін хабарлады. Қозғалыс белсенділері халықты қаланың орталық көшелеріне шығуға шақырды, деп хабарлады Настоящее Время.
"Мыңдаған ресейлік ер адамды, біздің әкеміз, ағамыз және күйеуімізді тірідей өлімге жіберіп отыр. Олар кім үшін жан пида етуі керек? Аналар мен балалар не үшін көз жасын төгуі керек? Путиннің сарайын қорғау үшін бе? Бұдан кейін шын мәнінде соғыс әрбір үйге, әрбір отбасыға келеді", дейді қозғалыс өкілдері.
Ұйымдастырушылар акция Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласында өтетінін хабарлады.
Пікір қалдыру