Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар отандық кинематографияны, мәдениет саласын және Қазақстанның мерекелерін одан әрі дамытуға қатысты заң жобасын талқылады.
Жаңа заң жобасы бойынша 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.
"Заң жобасында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға өзгерістер енгізу ұсынылады, олар ұлттық мереке – 25 қазан Республика күні және мемлекеттік мереке – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні болып белгіленген", делінген сенаттың баспасөз хабарламасында.
Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.
Пікір қалдыру