• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:01:28
Алматы
+8°

Ұлты орыс азаматтар ҚР-дан қайда кетеді және қайдан көбірек келеді? Елде орыс ұлтының қанша өкілі тұрады? Осы және өзге де сұрақтарға Finprom.kz порталы жауап іздеп көрген.

Портал мәліметінше, жыл басында елде 3,4 млн орыс тұрған. Бұл – бір жыл бұрынғыдан 1,4 пайызға аз.

Өңірлер бойынша орыс халқының ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Ол жерде 469,7 мың орыс ұлтының өкілі тұрады. Бұл – былтырғыдан 2% аз. Екінші және үшінші орында Қарағанды облысы (469,2 мың адам) мен Алматы қаласында (458,9 мың адам) жайғасқан.

Орыс ең аз өңір Қызылорда облысы: 14,1 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 1,8% аз.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанға 1,3 мың орыс келген – бір жыл бұрынғыдан 5% артық.

Келгендердің басым бөлігі Алматыға қоныстанды: 339 адам. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (152 адам) және Қостанай (143 адам) облыстары тұр. Орыстар ең аз келген өңір Қызылорда облысы: небәрі 3 адам.

Сонымен бірге елден кеткен орыстар саны бір жылда 15%-ға азайып, 8,1 мың адамды құраған. Көпшілігі Шығыс Қазақстан (1,2 мың адам), Қарағанды (1 мың адам) және Павлодар (989 адам) облыстарынан кеткен.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ҚР-ға келген орыс ұлты азаматтарының басым бөлігі Ресейден келді: олар келген орыс ұлтты азаматтардың 83,3%-ы немесе 1,1 мың адам. Одан кейін Өзбекстан, Қырғызстан, Германия, Беларусь және Украинадан келді.

Кеткен орыстардың басым бөлігі де негізінен РФ-ны таңдаған: 91,7%-ы немесе 7,4 мың, алайда көрсеткіш былтырғыдан 15,4%-ға азайды. Орыстар кеткен басқа елдерқатарында Германия, Беларусь, АҚШ, Польша және Канада.

Соңы он жылдағы деректер Қазақстаннан Ресейге кетіп жатқан орыстар саны кеміп жатқанын көрсетеді. Орыстар Ресейге бес жыл бұрынғы осы кезеңмен салыстырғанда 23,9%, он жыл бұрынғыдан 11,7 пайызға аз кетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір