Стамбулдағы бас консулдық Түркиядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

/image/2022/11/14/crop-7_2_357x635_27e0bb96535b77ee8b0dba0808a98.jpeg

Стамбулдағы Қазақстанның бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр. Мекеменің хабарлауынша, әзірге зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар анықталмады. 

"Стамбулдағы ҚР бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдарымен және қала әкімдігімен байланыста" делінген сыртқы істері министрлігінің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ Стамбулдағы бас консулдық ел азаматтарын сақ болуға және адам көп жиналған жерге көп бармауға шақырды.

Еске салсақ,  Стамбулдың орталық көшелердің бірі Истикляльда болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақаттанды. Түркия ІІМ басшысы жарылғыш зат қалдырған әйел адам ұсталғанын мәлімдеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар