• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:58:01
Алматы
+35°

Азаматтық позициясын белсенді білдіріп жүрген бір топ азамат "6 қаңтар" деген атпен тәуелсіз блок құратынын, алдағы мәжіліс сайлауына қатысатынын жариялады.

Олардың қатарында журналистер Думан Мұхаметкәрім мен Динара Егеубаева, азаматтық белсенділер Әлнұр Ілияшев пен Арайлым Назар бар.

"Қазақстанда адам құқығы жиі бұзылатынына деген наразылық басымызды біріктірді" деген белсенділер саясатпен етене араласуға шешім қабылдағанын айтады.

Динара Егеубаева билік азаматтық қоғам үнін естимейтіндіктен билікке жақындауға тура келіп отырғанын атап өтіп, сол үшін бір округтік мандаттан алдағы мәжіліс сайлауына түсетінін мәлім етті. Құрып жатқан "Алтыншы Қаңтар" блогына өзге де азаматтарды қосылуға шақырды.

Думан Мұхаметкәрім әріптесінің сөзін жалғай отырып, аймақтарда блокқа қосылам деушілер барын, солардың қатарында журналист Лұхпан Ахмедияров Батыс Қазақстан облысынан сайлауға түсуге ниетті екенін жеткізгенін айтты. Сондай-ақ ол сайлау әділ өтсе, өздерінің округінен жеңіп шығатынына сенімді екенін қоса кетті.

Әлнұр Ілияшев саяси додаға қатысып, кандидатурасын ұсынғысы келетіндер болса, құқықтық, консультатвтік қолдау көрсетуге дайын екенін де тілге тиек етті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мәжіліс сайлауы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір