• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:35:37
Алматы
+8°

Мексиканың бұрынғы қауіпсіздік министрі Дженаро Гарсия Луна есірткі саудасына кінәлі деп айыпталып отыр. Ол Мексикадағы ең ірі қылмыс тобы – Синалоа есірткі картельінен миллиондаған доллар жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп жазды bbc.com.

АҚШ-тың Техас штатында қамауға алынған Гарсия Луна кінәсін мойындамады. 54 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әділет министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Гарсия Луна кемінде 20 жылға сотталады.

Қызметтен кеткеннен кейін АҚШ-қа көшкен Гарсия Луна АҚШ-та сотталуы мүмкін ең жоғары лауазымды мексикалық шенеунік болғалы отыр.

"Сот үкімі АҚШ пен Мексика үкіметтерінің сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресіне қатты әсер етеді» дейді мексикалық британдық жазушы және мексикалық қылмыс әлемі бойынша сарапшы Иоан Грилло.

Гарсия Луна өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Техас АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір