OceanGate компаниясы "Титан" батискафының бортында болған бес жолаушының жоғалып кеткенін мәлімдеді.
Компанияның мәлімдемесіне сәйкес OceanGate директоры Стоктон Раш, Шахзада Давуд пен оның ұлы Сулеман Давуд, Хэмиш Хардинг және Поль-Анри Наржоле қаза тапқан.
Бес адамның көз жұмғанын АҚШ құрлық күзеті де растады. Олардың болжауынша, батискафта жарылыс болған. Әзірге мұның нақты себебі белгісіз.
Еске салайық, бұған дейін Атлант мұхитында "Титан" батискафның бөліктері табылған еді. Титаник кемесіне бағыт алған батискаф 19 маусымда жоғалып кетті. Ал 22 маусымда суасты кемесінде ауа таусылды.
Пікір қалдыру