10 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қырғызстанның Мәдениет министрлігі қырғыз тілінде хабар тарату нормасын сақтамағаны үшін екі телеарнаға айыппұл салды.
Министрлік жарты жыл ішінде 7 телеарнаны, яғни "312 Музыка", "НТС" (Жаша), "Кью спорт" (Q-Sport Arena), "Бакайнур-Мега" (Next TV), "Тумар ТВ", "312 КИНО" және "312 ТВ" арналарын тексерген.
"312 KINO" және "312 ТВ" телеарналары Қырғыз Республикасының "Телевизия және радио хабарларын тарату туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағын сақтамаған. Онда хабардың кемінде 50%-ы, оның ішінде сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін мемлекеттік тілде болуы керек делінген.
Бұл телеарналардың әрқайсысына 23 мың сомнан (116,7 мың теңге) айыппұл салынды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір