• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:17:03
Алматы
+12°

Қазақстанда 12 қазанда "Жел тоқтаған жер" деген фильм прокатқа шығуы тиіс болған.

Бірақ ол картинаның премьерасы өткеннен кейін, бұл туындыны үлкен экранға шығару қараша айына шегеріліпті.

Жалпы, "қарашаға қалсын" деп кейінге шегеріле салынған, анығында көрерменге нақты қашан жол тартатыны мүлдем белгісіз.

Алдын ала көрсетілімге қатысқан жұрт бұл фильмнен жылап шыққан.

Енді бұл туынды экранға шықпай, сол күйі көрмей қалуымыз да мүмкін.

Бұл фильмде біздің бабаларымыздың басынан өткен ауыр оқиғалардың бірі баяндалады.

Өткен ғасырдың 20-30-жылдары кеңес үкіметі "ұжымдастыру" сылтауымен ұйымдастырған геноцид салдарынан қазақ халқының басым бөлігі аштан қырылды.

Бұл кезең қазақ халқының тарихында "ашаршылық" деген атпен мәңгілік жазылып қалды.

Фильм екі ұлдың анасы, Жұпар есімді жас келіншектің тағдырын көрсетеді. Күйеуі Асанды КСРО ішкі істер халық комиссариаты тұтқындап, ұжымдастыру аясында малы тәркіленеді. 

Ауыл халқы аштықтан қашып, тарап кетеді. Балалармен бірге Жұпар да амалсыз жерінен кетуге мәжбүр. Жолда ол түрлі адамдарды кездестіреді: үйсіз, аш қалған бұрынғы шенеунікті, күллі қазақтың ақырын болжайтын жынды кемпірді және бір үзім нан үшін бәріне көнетін аш, шарасыз қазақты. 

Ақырында Жұпардың бар тамағы таусылып, енді ол тапқанын әлсіреген екі баланың біріне ғана беруге мәжбүр. Қай баламды аман алып қалайын деген ауыр таңдау...

Qamshy.kz "Жел тоқтаған жер" фильмінің прокаты не себепті кейінге шегерілгенін анықтау үшін фильмнің авторларына сұрау жіберді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ашаршылық цензура

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір