Жаңа Қазақстанды бірге құрайық

/image/2023/10/12/crop--1_28_722x963______.!.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, саяси жаңғырусыз елдің алға қарай жылжуы мүмкін емес. Тәуелсіздік алғаннан кейін өткен отыз бір жыл еліміз үшін оңайға түскен жоқ. Осы уақыт арасында ұлттың қамын ойлап елжіреген елді де, елім деген ерді де көрдік. Арын ақшаға саудалағандар да аз болған жоқ.

Дамыған 50 елдің арасынан орын алдық. Ендігі кезектегі біздің міндетіміз – еліміздің бірлігін мығым ұстап, Қазақстаннан алпауыт мемлекет жасау.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, елдің ертеңі – болашақ жас буын. Ал сол буынды тәрбие мен тәртіпке баулып өсіру – біз бен сіздің міндет. 

Ескі жүйемен қалайша Жаңа Қазақстан құрмақпыз? «Жаңа Қазақстанды құру үшін билікті жаңарту керек», дейтіндер көп. 

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді қолынан түк келмейді деп кемсітуді доғару керек екенін еске салады. «Тіпті оларды «халық жауы» көретіндер бар. «Шенеунік» деген сөз жағымсыз ұғымға айналып барады. Бұл – дұрыс емес. Мемлекеттік қызметте адал, әрі білікті кадрлар өте көп. Олар Отанымыздың игілігі жолында тынбай еңбек етіп жүр. Бірақ өкінішке қарай «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген де бар. Ондай адамдармен біз бірден қоштасып жатырмыз. Болашақта да солай болады», деген болатын президент.

Билік халыққа әділетті болсын, халық билікке әділетті болсын! Міне Жаңа Қазақстанның алтын ережесі осындай болуы керек. Халық күндеуді ғана емес, күлімдеуді де білсе, биліктің де барынша қалқысыз қызмет етпегі анық.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар