24 Қазан, 2023 Саясат
Көкшетауда үш белсенді 15 тәулікке қамалды
Жаңа Қазақстан "Алға, Қазақстан" деген партияны тіркемей отыр.
ашық дереккөзден
Ақмола облысындағы Көкшетау қаласында белсенділер Бауыржан Балташев, Қуат Мұхамеджанов және Уәлихан Нығметовтер әкімшілік жазамен 15 тәулікке қамалды.
Сот оларды заңсыз жиынға қатысып, бір жылда екінші мәрте әкімшілік тәртіпті бұзды деп таныды.
Сот шешімінде Нығметов пен Мұхамеджанов "Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы әділет департаменті ғимаратында" бейбіт жиынға қатысқаны жазылған. Бұл жиынға жергілікті ақтарушы билік рұқсат бермеген. Осы жиынға қатысқаны үшін Балташевқа да әкімшілік жаза белгіленген, бірақ ол әділет департаменті ғимараты "маңындағы" жиынға қатысқан.
Үшеуі де әкімшілік тәртіп бұзылғаны туралы хаттамамен келіспеді.
Бұның алдында "БелсенділерЭкстремистЕмес" құқық қорғаушылар тобының telegram-арнасында Нығметов, Мұхамеджанов және Балташевтердің соты өтетіні хабарланған. Олар биыл ақпанда оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ мүшелері жинаған қолды растау үшін әділет департаментіне барған.
2022 жылғы мамырдан бері белсенділердің партияны тіркеу өтініші 20 мәрте қабылданбады. Билік партияны тіркеу өтініші "талапқа сай емес" деп, оппозициялық партияны тіркемей отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір