• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Қараша, 00:56:12
Алматы
+12°
Облыста төтенше жағдай режимінің жариялануынан және су басу қаупінен қорыққан атыраулықтар өз отбасыларының қауіпсіздігі, жеке бас амандықтары үшін басқа қалаларға өз еріктерімен кетуде.
Кеше ҚР Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаевқа хабарласып, Атырау-Астана, Атырау-Алматы, Атырау-Ақтау және де басқа да өңірлерге әуе, теміржол бағытында қосымша вагондар мен қосымша рейстер қосу қажеттілігін айттым. Сонымен бірге, әуе, теміржол билеттерінің құнын қарапайым халыққа қолжетімді, арзан бағада ұсыну бойынша тиісті мекемелерге ұсыныс беріп, министрліктің қатаң бақылауына алуды тапсырдым.
Қазіргі таңда, Атырау қаласынан 7 қалаға 4 қазақстандық авиакомпания сыйымдылығы 12 756 орындық аптасына 73 тұрақты рейсті орындайды.
Сұранысқа сәйкес, 9-11 сәуір аралығында Астана, Алматы, Ақтау қалаларына "Эйр Астана" (3 рейс) және" Fly Arystan" (6 рейс), сыйымдылығы 1 617 орындық 9 қосымша рейс орындады.
Сонымен қатар, 11-20 сәуір аралығында Атырау қаласынан Астанаға (17 рейс), Алматыға (20 рейс), Ақтауға (12 рейс), Шымкентке (1 рейс), жалпы сыйымдылығы 9 099 орындық 50 қосымша рейс қосылды. Олар төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. "Эйр Астана" 11-17 сәуір кезеңінде сыйымдылығы 1 917 орындық Астанаға (4), Алматыға (7), барлығы қосымша 11 рейс;
2. "Fly Arystan" 11-17 сәуір кезеңінде Ақтауға (12), Астанаға (5), Алматыға (5), Шымкентке (1), сыйымдылығы 3 780 орындық қосымша 21 рейс;
3. "SCAT" 12-20 сәуір кезеңінде сыйымдылығы 3 402 орындық Астанаға (9) және Алматыға (9), қосымша 18 рейс.
Қосымша рейстер билеттерінің бір бағыттағы құны эконом-класста 69 мың теңгеге дейін бекітілген.
Төтенше жағдайға сәйкес, әуе билеттерінің құнын, Алматы бағытын 35 мың, Астана бағытын 30 мың, Ақтау бағытын 20 мыңға төмендету бойынша авиакомпаниялардың акционері “Самұрық Қазына” компаниясының басшылығына хат жолданды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір