Атырау қаласының Полиция басқармасы тасқын су туралы жалған ақпарат таратқан адамды жауапкершілікке тартты
Атырау қаласын су басуы туралы жалған аудиожазба таратқан ер адамға ҚР ӘҚБК-нің 456-2 бабына сәйкес айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, БАҚ-ы мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік, соның ішінде, қылмыстық жауапкершілік қаралған.
Тұрғындарды тек Атырау облысының жедел штабы таратқан ресми ақпаратқа сенуге шақырады.
Пікір қалдыру