• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 01:43:45
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімдігі 24-28 сәуір аралығында қалада толассыз жаңбыр жауады деп күтіліп отырғанын хабарлап, жүргізушілер мен қала тұрғындарына ескерту жасады.

Әкімдік жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көлігін жол жиегіне қоймауға, қала тұрғындары мен қонақтарын тауға бармауға шақырды.

Синоптиктер 24 сәуірде көшпелі бұлт шығап, 3 мм-ге дейін өткінші жауын жауып, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады деп болжап отыр.

♦ 25 сәуір: күн ала бұлтты, таңертең және түстен кейін 15 мм-ге дейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс, батыстан жылдамдығы 3-8 м/с болатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 18...+20°C.

♦ 26 сәуір: көшпелі бұлт, түнде және таңертең 8 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан жылдамдығы 3-8 м/с болатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 16...+18°C.

♦ 27 сәуір: күн ала бұлтты, күндізгі сағат 15-тен 23-ке дейін 3 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан жылдамдығы 3-8 м/с болатын жел соғады. Термометр бағанасы түнде +8...+10°, күндіз +13...+15°C көрсетеді.

♦ 28 сәуір: көшпелі бұлт шығады. Батыс, солтүстік-батыстан жылдамдығы 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+ 9°, күндіз + 13...+15°C.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Толассыз жауын

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір