Бүгін – саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының қаза тапқан күні (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708215753387_small.JPG

Осыдан тура 10 жыл бұрын Алматы қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы қаскөйлердің қолынан қаза тапты. Саясаткермен бірге оның оққағары  Бауыржан Байбосынов пен жүргізушісі Василий Журавлев те оққа ұшты.

Алтынбек Сәрсенбайұлы өмірінің соңында мемлекеттік қызметтен кетіп, ресми билікке қарсы сыни пікірлер білдіріп, оппозициялық күштер қатарында жүрген болатын.

Қанды оқиғадан соң Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берді деп сол кездегі Парламент сенаты аппаратының қызметкері Ержан Өтембаев қамауға алынды. 2013 жылы ресми билік органдары саясаткердің өліміне кейін өзі де шетел асқан Рахат Әлиевтің қатысы бар деп мәлімдеді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар