Қытай Қазақстаннан астық экспортын арттырмақ

/uploads/thumbnail/20170708221617437_small.jpg

Қытай қазақстандық астыққа бөлінетін квотаны жылына 1 млн. тоннадан асыруды жоспарлауда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім еткен.

«Фито-санитарлық қауіпсіздікке келетін болсақ, біздің дәнді дақылдарды Қытайға экспорттаудың кедергілерін алып тастадық, бұрын бидай мен арпаны қаптарға салып қана елден шығаруға рұқсат берілген болса, 2016 жылдан бастап, бұл талаптар алынып тасталды. Енді дәнді дақылдарды үйіп апаруға болады, бұл өз кезегінде біздің астықтың экспортын біршама ұлғайтатыны сөзсіз», - деп атап өтті ол министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, Қытай мен Қазақстан үкіметтері қазақстандық астықтың экспортын көбейту мақсатында бірқатар келісімдерге қол жеткізген.

«Қазақстандық астыққа квотаны көбейту бойынша Қытай үкіметімен келісім жасалды. Бастапқыда жылына 500 мың тоннаға дейін рұқсат етілсе, кейін 1 млн және одан да көп тоннаға квота беріле бастайды. Демек, бізге жаңа экспорттық бағыт ашылып отыр, сондықтан фитосанитарлық қызмет өнімді жіті бақылап, оның карантинға түсіп қалмауын, өз міндеттемелерімізді орындау үшін үлкен жұмыстар атқаруы тиіс», - деп атап өтті А. Мамытбеков.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай келісімдер Қытаймен ғана емес, өзге елдермен де жасалуы шарт.

«Бізде сатылымға шығара алатындай қарақұмық, өзге де дәнді дақылдардың фитосанитарлық сертификаттары жоқ. Сондықтан фитосанитариялық комитеттің басты міндеті - қуатымызды жөнге келтіру», - деді ведомстов басшысы. 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар