ОҚО-да ұрланған балаға қатысты тағы бір күдікті анықталды

/uploads/thumbnail/20170708222151285_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Ордабасы ауданында ұрланған балаға қатысты тағы бір күдіктіні іздестіруде, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Ордабасы ауданы Амангелді ауылында жоғалған баланы 5-55 шамасындағы әйелдің мектептің алдынан алып кеткені белгілі болған еді. Полиция бала ұрлығына қатысты еінші әйелдің болғанын анықтап отыр. Бұған дейін баланы мектептен алып кеткен әйелдің фотороботы жасалған болатын.

Атап айтқанда, полицейлер 1965 жылы туған Ордабасы ауданының тумасы, тұрақты мекен-жайы белгісіз келіншекке іздеу салуда. Ішкі істер органдары ұрланған бала мен оның ата-анасы баланы ұрлағандардың бірімен таныстығын айтады.

«Қазіргі таңда біз ұрланған баланы қолынан жетектеп кеткен әйелден күдіктенудеміз. Сонымен қатар, 1965 жылы туған, ОҚО Ордабасы ауданының тұрғыны Сәндігүл Сүйіндік деген келіншек те күдікке ілінді. Ол бұрынырақ ұрланған баланың ата-анасымен сөйлескен және өзінің баласы болмаған екен. Іздеу-тергеу жұмыстары жалғасуда», - дейді ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Кенжебек Оңдасынов.

Естеріңізге салсақ, 20 ақпан күні ОҚО Ордабасы ауданы Амангелді аулында 6 жастағы Мұхамед Қамшыбекті белгісіз әйел мектептен шыққанда өзімен ертіп кеткен болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар