Алматыда Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан көпір астында жеңіл көлік өртке оранды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің хабарлауынша, көпір астында Ниссан маркалы көлік өртеніп, соның салдарынан Райымбек даңғылы бойында көлік кептелісі орын алған.
Электр сымдарының тұтануынан болған өртті жүргізуші өз күшімен өшіре алмаған, машина толықтай өртеніп кеткен.
Оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Пікір қалдыру