ЕРМЕК - ЕРКЕК!

/uploads/thumbnail/20170708222456913_small.jpg

Мен енді кімді мақтағым келсе "сен - Ермексің!" дейтін болам. Өйткені, ол мен үшін бүгінгі таңдағы жігіттіктің, азаматтықтың символы. Қарапайым сөзбен айтсақ - еркек. "Еркек" сөзінің синонимі. Екі сөздің де түбірінің "ер" болуы бекер емес...

Және Ермекке: "Діншіл болмасам да маған Пайғамбардың "Адам істің өз көңіліне дұрысын істесін-дағы, ар жағын Аллаға тапсырсын" деген сөзі ұнайды, берілме, сынба, Құдай қуат берсін өзіңе!" деп жазып едім. Міне, Алла ойламаған жерден істі оңайлатып жатыр. Алған бетіңнен қайтпа, Ермек! Нағыз батыр - басын бәйгеге тігіп, күші өзінен ондаған, жүздеген есе басым жаумен алысуға шыққан адам! Алла жар болсын, алдыңда әлі талай жеңіс бар!

Өмірзақ Ақжігіттің «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар