Қазақ ою-өрнегі де өркен жайса екен

/uploads/thumbnail/20170708222813431_small.jpg

Қазақ ою-өрнектері індете зерттеуді талап ететін ауқымды тақырып. Кең сахараны мекендеген қазақ халқы мал шаруашылығы сынды көп салалы шаруашылықпен шұғылдану барысында,айналасындағы жан-жануарлармен басқада табиғат көріністерін бейнелеп қазақ ою-өрнектерін тапқырлаған.

Дүние жүзінде барлық ел,барлық ұлыттардың жасаған ортасына байланысты өз ерекшеліктері бойынша өрнек үлгілерін ойлап тапқанын көреміз. Солардың ішінде қазақ ою-өрнек үлгілерінің шоқтығы биік, сұранысы мол, оны қажетсінетін адамдар қатары барған сайын көбейе түсуде.

Қоғам дамуының тез-баяулығы ең алдымен ғылым-техника дамуымен тығыз байланысты екенін жұрттың барлығы біледы, ендеше әдебиет, суретшілік өнерінің бүгінгідей даму өресін олардағы бастауыш мектептен университетке дейін оқылатын кемелді ғылыми оқулықтардың,ұстаздардың,арнаулы оқыту әдістемесінің, жинақтап айтқанда арнаулы мектептерден бөле қарауға болмас.

Ал, ою-өрнек ше?  Ол «көне өрнектерден құрастырылған әсем өнер саласы» деген атпен ғылымда там-тұмдап айтылып келеді. Бірақ, оқулықтарда оның математикаға қатысты жағы сөз етілмейді. Тіпті,математика мүлдем қарасын корсетпейді десе де болады. Мұндай жағдайда ою-өрнек мамандарын жетілдіріп шығару да мұмкін емес. Тек математиканы,ою-өрнекті білетін қос мамандықта жетіліп шыққан ұстаздар толықсығанда ғана ою-өрнектің көзі ашылып, көсегесі көгереді. Басқа да өнер саласына кенжелеп қалған бостықты толтыруға әбден болады.

Қазір төңірегіңізге бағамдап көз салсаңыз, ою-өрнек халықтың ортақ қазынасы,оны барлық адамдар шетінен игілігіне пайдалануына болатын, көптің тегін жатқан тұрақты мүлкі деп сыңар жақты қарайтын көз қарастың адамдар санасына сіңісті боп мықтап орнығып қалғанын байқайсыз.

Бір журналист: «Ою-өрнек – тұрақты үлгі-ереже немесе жобалау талабы бойынша тұрақты сызылған нұсқа» десе және бір зиялымыз: «Өрнекке математиканың қажеті қанша, аналарымыз математиканы керек етпей-ақ ғасырлар бойы өрнекпен шұғылданып келген, бұл мыжымалық емеспе?» деп күмән келтіреді.Бұндайлар ұзақ тарихтан жалғасқан өрнек үлгсін көшіріп қолдануға болады, ол өзгермейді, ешкімде өзгерте алмайды, дамымайтын, қатып-піскен үлгі деп қараушылар. Оларға «түйенің бәрі қоңыр шунақ, ою-өрнектің барлығы имай-шимай» көрінеді. Сапалы-сапасыз өрнектерді бір-бірінен парықтамай бір шыбықпен айдайтын сауатсыздықтың күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқаны жасырын емес. Мұндай адамдар  қазақ ою-өрнегін математикалық деңгейге көтеріп жеке түйін кітап шығардым дегенге мүлде сенбейді. Олар өрнекті жиып-теріп көшіруден басқа жол жоқ деп қарайды.

Осы жерде бір мысал келтіруге тура келеді.Бірде Қытайдың бір обылысының мәдениет зерттеу орталығы басшысымен ою-өрнек жайлы дауласып қалдым .

Ол өрнек туралы жеке еңбектерімебірден: «Ою-өрнектің бәрі халықтың ортақ қазынасы, оны менікі деп қалай айта аласың?», - деді.

Мен болсам: «Бұл кітапта бір-біріне ұқсамайтын мыңға таяу жеке туындым бар, сенбесеңіз көріңіз»,- деп өз ойымды айттым.

Ол: «Көруге уақытым жоқ.Тастап кет.Біздің жинап жатқан ою-өрнекке жете ме, жоқ па? Көрейік», - деді.

Мен: «Қазақстан, Қытайды аралап математикалық деңгейде зерттелген өрнек кітап таппадым. Менің математикалық деңгейде зерттеп шығарған еңбегім осы екі елде болмаса басқа жерде бұндай кітап жоқ, өз кітабіма сенім артам», - деп айтқанымнан қайтпадым.

Ол кісі менің сөздерімді құр мақтан деп қана қабылдаса керек, немқұрайлы жауаптарынан танбады.

Мінеки, қазақ ою-өрнегін еңсе көтертпей жаныштап, аяққа таптап, өркен жаюына кедергі болып отырған күштің құдыретін осыдан білесіз.

«Өркениет өресіндегі қазақ ою-орнектері» атты математикалық деңгейде зерттеп шығарған кітабім арқылы өрнектің нұр шұғылалы жарық сәулесін көргім келеді.

Қазіргі уақытта ою-өрнекті зерттеушілер де жоқ емес. Олар негізінен өрнек элементтерінің нені бейнелеп тұрғанынын, оның тарихын, қоғамдағы орны мен рөлін, ұлттық салт-сана, жол-жорасы мен байланыстырып зерттеп келеді. Бұндай зеріттеуді де дұрыс деп қарайық.

Бүтін дүние ғылыммен дамып жатқан кезде ою-өрнек те одан тысқары қалмауы тиіс. Мен жоғарыдағы көз бүтіндей қарама-қарсы мынадай ойды  ортаға салмақшымын:

Әдебиет сынды қазақ ою-өрнегінің де өресі кең, ұлан ғасыр, шетсіз, шексіз.  Ою-өрнектер саласында дарынды   зерттеушілеріміз жасанды тосқауылдарды бұзып, тың өрнек туындыларын жарата алады.

Қазақ оюларын математикалық тұрғыда зерттеп том-том, жеке-жеке, бір-біріне ұқсамаған өрнек кітаптарын шығаруға болады. Төменнен жоғарыға дейін математика ғылымымен сәйкескен кемелді оқулықтар шығаруға, математиканы да ою-өрнекті де білетін мамандадың білімін жетілдіруге болады.

Менің мұндай көзқарасым аяқ астынан пайда болған емес. Жетпіс жылдан астам уақыт өрнекті ойып сызуды үйреніп, зерттеп өмір бойы құлшынудан тундаған көзқарасым. Бұл арада қысқаша өмір тарихымды да айта кеткім келеді.

Шебер анамды байлар қос аттап шақырып сырмақ ойғызып, тұскиіз, басқада үй жабдықтарын сыздырушы еді. Сүт кенжесі болған мені қасынан бір елі тастамай ертіп жұруші еді. Мен ес біліп, дүниені болжай бастағаннан-ақ ою сызу өнеріне қызыға бастадым. Анамның қолы жұмыстан босай қалғанда дереу қайшы сынды ою сызуға қатысты аспаптарын ала салып қағаз, кезде қиқымдарын анамның өрнек үлгілеріне ұқсатуға талпынып жататынмын.

Мектеп есігін аттасыммен жазу сызуға шеберлігім арта тусті , математиканы негіз еткен сабақтарды ұғымталдығым ұлғайып математика мен ою-өрнектің диалектік қатынасы бар екенін сезініп , ою-өрнекті математикалық деңгейде зерттеуге ұмтыла бастадым. Мектепті бітіріп қоғамдық жұмысқа араласқанымда да өhнек зерттеуімді үздіксіз жалғастырып демалысқа шығып жетпістің шегіне жетсем де күнделікті шұғылданатын кәсібім болып қалды. Осындай кұлшыныстың арқасында  бір парақ қағаз бетіне тұсірген орнекті бір гектар тпті оданда үлкен жазық бетке ғылыми өлшем бойынша тусіре алатын қабілетке ие болдым .

1995 жылы «Қазақ ою-өрнегінің гылмыи негіздері» атты кітабім жарық корді . оны Алматы обылыстық мамандар жетістіру униуерсеті «Қазақ ою-өрнегінің математикалык деңгейде зеріттеулері»деген тақырыппен екінші рет басқан болатын , бұл рет «Оркениет оресіндегі қазақ ою-орнектері»атты төріт болімді кітәбім бірінші боліміне толықтырылып енгізілді .

Ою-өрнек дамымай қалған жағдайдан құтылдырып , дамыту –өркениет өреге котеріп , дамыған салалардың қатарына қосудың бар үміті  қазақ елінен ғана кұтіледі.

Еліміздің барлық сала басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауымы, барлық сала мамандары, суретшілерді негіз еткен  әсем-өнер зеріттеушілері,баспасөз ақпарат саласындағы ұлт мәдениеті үшін жанкүйер азаматтар, елдің талантты жастары бүтін ел халқын бастап жаңалыққа жаны құмар ұлтымызды қозғап, ою-өрнек сынды әйгілі мәдениет саламызды жетімсіретпей дамыта алады. Дамыған салалардың қатарына қосуға келтіріп, дүниені жалт қаратып, дүрілдеген халықаралық зор дүмпу тудырады деп ойлаймын.

Болатбай Нәсілбекұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар