Ұлттық идеология. Ол немене? Мәңгілік ел. Ұлы дала. Мың жыл. Тағысын тағы жауаптар аламын. Қияли ма, виртуальді ма, әйтеуір бірдеңе. Рухымды да көтермейді.
Өзім үшін ұлттық идеология деген – ұлттық өнім. Ұлттық киім. Наурызда киетіндерің емес, елімізде шығатын нәски, мәйкі, шалбар т.с.с. Ұлттық тағам. Макдональдс та, дөнер де емес, қуырдақтың көкесі, Сарырқаның сүті, Нарынқолдың айраны, Зайсанның қақталған балығы т.б.
Осыларды экспорттау деңгейіміз қаншалықты? Шардара мен Каспийдің консервісі бар ма? Ресейлік емес, өзіміздің шұжық қандай? Неге Өскемендегі арматура зауытынан ине шықпайды?
Сұрақ көп. Жауап табылған кезде ғана ұлттық идеологиямыздың жүзеге асқаны. Жауап табылған кезде ғана дағдарыс болмайды.
Айдос Жұқанұлының «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды.
Пікір қалдыру