Маңғыстау облысы Құрық аулында қатты соққан жел екі қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкеткен, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 31-арнаға сілтеме жасап.
Секундына 18 метрге дейін соққан жел 48 пәтерлік үйдің шатырын қас-қағым сәтте көтеріп кетіпті. Екі пәтерден 8 адамды құтқаруға тура келген. Зардап шеккен ешкім жоқ. 40 жыл бұрын салынған ескі үй жазда ғана күрделі жөндеуден өткен екен. Оған Қарақия ауданының қазынасынан 5 миллион теңге бөлінген. Енді жөндеу жүргізген құрылыс компаниясының жіберген қателігін әкімдік жанынан құрылған штаб анықтайтын болады.
Пікір қалдыру