Теледебатқа қатысқан саясаткерлер оған «ұрандар жарысы» деп баға берді

/uploads/thumbnail/20170708225217220_small.jpg

Бүгін кешке «Хабар» арнасынан көрсетілуі тиіс теледебатқа қатысқан саясаткерлер түсірілімнен соң піріксайыс туралы ойларын айтты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Total.kz – ке сілтеме жасап.

«Ақ жол» партиясының жетекшісі аталған шараны «ұрандар сайысы» деп бағалап, көңілі толмайтынын айтқан.

«Мұндай пікірсайыстың өткені дұрыс, әрине. Бірақ, мен үшін екі минут ішінде концептуалды дүниелерді айтып шығу оңайға соқпады. Өкінішке орай, мұнда концептуалды ойлар сайысы емес, жалпылама сөздер айтылған ұрандар сайысы болды. Бір жағынан бұл сайлау болған соң, адамдар ұрандарға мән береді деп ойлаған болу керек», - деген А. Перуашев мұндай шаралар «Бетпе-бет» форматында күн сайын өткізілуі керектігін айтады.

Комунистер өкілі В. Косарев болса, пікірсайысқа «қалыпты» деген баға берген. «Ауыл» партиясының жетекшісі Әли Бектаев та ұйымдастырылған пікірсайысқа көңілі толатынын айтқан.

Ал, «Бірлік» партиясының атынан сөз таластырған Роза Қуанышбаеваны жанындағылар пікірсайыстан соң «Журналистерге сұхбат беру мәселесі партия басшылығымен келісілмеген» деп алып кеткен.

ЖСДП өкілі Зәуреш Батталова болса, бұл бағдарламаның пікірсайыс форматына келмейтінін айтқан.

«Бұл дебат емес, таныстуры сөзіне көп келеді. Дебат деген жүйелі, тұрақты болып, қоғамның әр саласына қатысты мәселелерді көтеруі керек. Оған тек партия жетекшілері немесе өкілдері ғана емес, барлық ниет білдірушілер қатыса алуы керек қой. Оған спикерлер алдына маңызды мәселелер ұсынатын, сұрақтар қоя алатын көптеген азаматтар қатысуы тиіс емес пе?», - дейді З. Батталова.

Бүгін таңертең өткен теледебат түсіріліміне журналистер қатыспаған. Саясаткерлердің сөздерін БАҚ өкілдері ОКҚ залында экраннан тамашалаған. Журналистер регламент бойынша 90 минут өтеді делінген пікірсайыстың бар-жоғы 70 минутқа созылғанын айтуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар