Бүгін Алматыда 31-телеарна экранынан көрсетілетін «Жаужүрек Ертұғрыл» телехикаясының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Mega Park ойын-сауық орталығының Chaplin кинотеатрында өткен тұсаукерсерде телехикая көрсетіліміне ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Арнаның негізгі мақсат-мүддесі отбасымен көруге арналған қызықты бағдарламалар мен реалити шоулар, мәнді де мағыналы телехикаялар мен кинолар ұсыну арқылы көрермендерін қуанту. Осы мақсатта телеарна басшылығы ең сапалы, ең үздік телехикаялар көрсетілімін жүйелі жолға қойып отыр», - дейді шара ұйымдастырушылары.
Жақын арада көрсетілімге шығатын қызықты әрі тарихи драма «Жаужүрек Ертұғрыл» телехикаясы соның дәлелі. 28 наурыздан бастап экранға жол тартатын, 52 бөлімнен тұратын тарихи сериалда ұлы жорықтар мен батырлар бастан кешкен ұлы тарихи оқиғалар, отанға деген сүйіспеншілік, жаңа жерлерді жаулап алу, сондай ұлы махаббат сезімі көрініс береді.
Сериал негізі мұсылман мемлекеттері мен криштян халықтарының ұзыққа созылған адуынды айқастарының негізінде құрылған Осман империясының тарихи бастамасынан тұрады.
Райгүл Екпін
Пікір қалдыру