Ермегияевқа еріп істі болғандар кімдер? (ВИДЕО, ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708230404543_small.jpg

Бүгін Астана қаласында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев пен онымен бірге мемлекет қаржысын талан-таражға салды делінген бір топ күдіктінің ісі бойынша алдын ала тыңдауды бастады. «Қамшы» порталы осы істе Т. Ермегияевпен бірге тергеуге алынып, күдікті аталған және бүгінде сотта істері қаралып жатқан күдіктілердің тізімін ұсынады.

Алдын ала тыңдау өткен сот залына барлығы 23 күдікті әкелінген. Олардың сегізіне қамауда ұстау, алтауына – үй қамақ және сегізіне кепілдік түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.

Баркинхоев Суламбек Джабраилович - "Астана ЭКСПО-2017" бұрынғы басқарушы директоры;

Медеуов Қуаныш Оразбекұлы - "RIVC Ltd" ЖШС;

Сеитов Сеит Болатұлы – "Southfork ltd" ЖШС атқарушы директоры;

Ақылбаев Ренат Сатыбалдыұлы;

Адамбаев Аян Хасенұлы;

Ильин Сергей Юрьевич;

Шорманов Марс Қыстаубекұлы – "Компания АДС" ЖШС президенті;

Үсенов Қажымұрат Кантбайұлы -  ЭКСПО құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы (2014 г. ақпаны);

Ибадильдина Урал Шариповна -   "ДАН-строй" ЖШС директоры

Пирметов Алишер Хабибуллаевич -  АҚ "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" басшысының бірінші орынбасары (наурыз 2014 - маусым 2015 жж.);

Пягай Вячеслав Константинович -  "Асарстройсервис" директоры;

Сағындыков Талғат Жұмабекұлы;

Тілеуов Ерлан Елубайұлы - ТОО "Петроспек" директоры;

Син Валерий Секкиевич -  "J&G Consultoria de Ferias S.L. Kazakhstan" бас директоры;

Найзабеков Серік Минайдарұлы -  ""Құрылыс консалтинг" АҚ бас директордың орынбасары;

Тілекметов Алпысбек -  "Комапния АДС" ЖШС директоры;

Ақпамбетов Нұрлан Макпалбайұлы -  "Southfork Ltd" ЖШС бас директоры;

Тұматаев Азамат Самудинұлы -  Спорт және туризм Агенттігі басшысының орынбасары (2014 ж.);

Матайбеков Шоқан Умурзакович -  АҚ "Корпорация "К басқарма мүшесі

Дәулетбаева Мадина Асанбекқызы;

Сардарбеков Самат Курмангазыұлы;

Ермегияев Талғат Амангелдіұлы -  "Астана ЭКСПО - 2017"ҰК" АҚ басұарма басшысы (қаңтар 2013 - маусым 2015 жж.);

Омаров Мұрат Ескелдіұлы -  "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ басшысының бұрынғы орынбасары (қыркүйек 2014 - маусым 2015 жж.).

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың маусым айында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшысы Талғат Ермегияевқа және бір топ кәсіпкерге 10,2 миллиард теңге шамасында мемлекет қаражатын жымқырды деген айып тағылып, тергеу басталған болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар