Алматыда карате-додан Қазақстан чемпионаты өтеді

/uploads/thumbnail/20170708230403324_small.jpg

23-24 наурыз күндері Алматы қаласында Қазақстанның Мейбукан Годзю-рю Карате-до Федерациясы жекпе-жектің осы түрінен балалар мен жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында Қазақстан Чемпионатын өткізеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Жарысқа республикамыздың әр өңірінен балалар мен жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасынан он үш команда қатысатын көрінеді.

«Окинавалық Мейбукан годзю-рю – каратенің дәстүрлі, жауынгерлік қалпын өзгеріссіз сақтап қалған жекпе-жек түрі. Ол тек спорттық шынығуға ғана емес, қоян-қолтық ұрыс жүргізуге, қорғануға бағытталған. Жекпе-жектің бұл түрін қазіргі таңда Америка, Ресей, Польша, Чехия және Қазақстан Республикасы сынды бірқатар елдер президенттерінің жеке күзеті қызметтері пайдаланады», - делінген федерация таратқан баспасөз хабарламасында.

Қатысушылар каратенің ката және кумите түрлері бойынша сайысқа түседі. Жарыс барысында окинавалық каратенің бункай, тамешивари секілді әдіс-тәсілдері көрсетіледі. Жеңімпаздар арнайы медальдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар