Арамдардың қолынан қаза тапқан азаматтар бірімізге аға, бірімізге іні, біреуге ұл, біреуге əке... Сол оққа ұшқан боздақтардың орнында кез-келген қарагөз болмасына кім кепіл?! Сондықтан ел болып, халық болып, бүгінгіміз үшін, болашақ үшін ұйысып қатыгездік пен жауыздықтың, жалпы ардың да, заңның да алдындағы қылмыстың кез-келген түріне төзбеушілік танытып, қарсы тұруымыз керек. Еліміздің тыныштығын бұзып, тұғырын шайқалтпақ болғандарды болашақ ұрпақ үшін бүгін қатаң жазалауымыз қажет. Жүректеріміз "Əр қазақ - менің жалғызым" деп жылап, шахиттерімізді жоқтауымыз керек. Ұмытпаймыз! Кешірмейміз!
Жомарт Айтқазының Фейсбук парақшасынан алынды.